Ratings and Reviews of Online Casinos
1. Sol Casino
Free Sign-Up Bonus: 60 Free Spins ( Free Sign-Up Bonus Link )
First Deposit Bonus: 200% up to €/$ 1000 ( Registration Link )
2. Fresh Casino
Free Sign-Up Bonus: 70 Free Spins ( Free Sign-Up Bonus Link )
First Deposit Bonus: 100% up to €/$ 500 ( Registration Link )
3. Jet Casino
Free Sign-Up Bonus: 90 Free Spins ( Free Sign-Up Bonus Link )
First Deposit Bonus: 200% up to €/$ 1000 ( Registration Link )
Мемлекеттен 2 миллион теңге өтемақыны қалай алуға болады?
Келесі жылы қазақстандықтар теңгедегі депозиттеріне қосымша 10 пайыз ала алады. Өтемақыны алу үшін өтініш беру керек. Оны онлайн немесе банк бөлімшесінде тапсыруға болады. Бүгінгі материалда соның жолдарын қарастырдық.
Бұл қандай өтемақы?
Екінші деңгейлі банктерде теңгедегі депозиттері бар және оны 2022 жылдың 24 ақпанына дейін ашқан қазақстандықтар ақшаны жыл бойы сақтағаны үшін мемлекеттен өтемақы алады.
Банк шотына ақша салғаны үшін өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанында шоттағы соманың 10%-ына тең болады. Дегенмен бұл жыл ішінде 2023 жылдың 23 ақпанына дейін шоттан ақша алынбаған жағдайда ғана қолданылатынын ескеріңіз.
Төлем ең көп дегенде 20 миллион теңге салымға қарастырылған, яғни өтемақының ең жоғары көлемі – 2 миллион теңге. Өтемақы төлеу 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін жүзеге асырылады.
Өтемақы қалай есептеледі?
– Қоса алғанда 2023 жылғы 23 ақпанға дейін өтелетін депозиттен ақшаны ішінара алып қою болмаған кезде – 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңында өтелетін депозитте бар, бірақ 10%-ға көбейтілген 20 миллион теңгеден аспайтын сома ретінде;
– 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 23 ақпанға дейінгі кезеңде өтелетін депозиттен ақшаны толықтыру, ішінара алу кезінде өтемақыны есептеу операциялық күннің соңында тіркелген өтелетін депозиттің ең төменгі қалдығының сомасына, бірақ 10%-ға көбейтілген 20 миллион теңгеден аспайтын сомаға жүзеге асырылады.
Қандай шарты бар?
– 2022 жылдың соңына дейін көптеген салынған ақша сомасына өтемақы алу үшін төлемге келісім беру туралы өтініш жазу керек;
– осы жылы ақша толығымен алынса, онда қосымша 10% мүлдем есепке алынбайды;
– өтемақы төлеу мынадай депозиттер бойынша жүзеге асырылмайды: талап етілгенге дейінгі салымдар, шартты салымдар және ағымдағы банк шоттары.
Салымшының келісімі туралы өтініш беру тәртібі мен тәсілін осы қағидаларға сәйкес қатысушы банк айқындайды.
Теңгедегі депозит үшін өтемақыға онлайн өтініш беру жолдары
Жоғарыда атап өткен үш түрден бөлек барлық депозит бойынша қосымша 10% есептеледі. Соның ішінде білім беру жинақтау салымдары мен тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша да қарастырылады.
«Отбасы банкіне» ақша салған адамдарға да 10% бонус беріледі. Банк кеңесшілері 1 қазаннан бастап банктің ресми сайтында, ал қарашадан бастап банктің өтініші арқылы төлемге өтініш бере алатынын мәлімдеді.
Altyn Bank-те өтініш формасына банктің сайты арқылы онлайн қол қоюға болады. Ол үшін жеке кабинетіңіздегі «Өтініштер» қойындысына өтуіңіз керек.
12 қыркүйектен бастап Halyk Bank-те төлем жасауға келісімді мобайл қолданбадағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде беруге болады. Сонымен қатар банк бөлімшесіне барып реттей аласыз.
Home Credit Bank клиенттеріне дәл осындай таңдау берді – олар онлайн режимінде де, банкке келу арқылы да несие рәсімдей алады.
Kaspi.kz сайтында тұтынушылар өтемақыға мобайл қолданба арқылы да өтініш бере алатыны көрсетілген. Қазіргі уақытта қызметті қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың аяқталғаны туралы тұтынушыларға хабарлама жіберіледі.
Бұндай мүмкіндік жуырда «Банк ЦентрКредиттің» мобайл қолданбасында да пайда болмақ.
Ал Freedom Finance Bank кеңесшілері өтемақы автоматты түрде тиісті депозиттерге аударылатынын айтты.
Өтемақыға өтінішті банк бөлімшесіне барып беру жолдары
ВТБ Банк (Қазақстан) сайтында клиенттерге 2022 жылғы 12 қазаннан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін банк филиалдарының бірінде өтемақы алуға келісім парағына қол қою керегі туралы хабарландыру жарияланған.
Eurasian Bank-те, «Нұрбанкте» және Jusan Bank-те бірдей шарттар мен қолдану әдісі көрсетілген. Үш банкте де келісімшарт жасау үшін банк филиалына хабарласу керек екені жазылған.
Әзірге ForteBank бөлімшесіне хабарласудың қажеті жоқ, себебі өтінім беру әдісі әлі келісілмеген.
Bank RBK да бұл мәселе бойынша әлі шешім қабылдаған жоқ.
Онлайн өтемақы жасауға келісіміңізді бергіңіз келсе, бұл функцияны пайдалану ыңғайлырақ. Әйтпесе, банк бөлімшесіне хабарласу керек. Белгілі бір банк туралы ақпаратты оның байланыс орталығынан немесе басқа байланыс арналары арқылы алуға болады.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айында Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасын жариялады. Бірлескен мәлімдемеге сәйкес теңгедегі депозиттер үшін мемлекет пайыздық мөлшерлемеден басқа депозит сомасының 10%-ы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. Бағдарламаны әзірлеушілердің мақсаты «қазақстандық инвесторларды қолдау және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету» екені хабарланды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы қаулысымен Жеке тұлғалардың ұлттық валютада орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидалары бекітілді. Қаулы 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасына мемлекеттік бюджеттен 550 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Comentarios recientes